USD
USD
USD

Талғар қаласында өрттен үш адам көз жұмды

 Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне 10 қараша сағат 03:40-та Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Талғар қаласында өрттен үш адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. «Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04:06-да оқшауланып, сағат 04:50-де толығымен сөндірілді. Көлемі 40 шаршы метрді құрады», - делінген ТЖМ хабарламасында. Қазіргі уақытта өрттің тұтану себептері анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы