USD
USD
USD

Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы Талғар қаласының әкімі болып Қайрат Исабаев тағайындалды. Бұл туралы өңірлік әкімдік Instagram парақшасында хабарлады. 

Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талғар ауданы сайлау комиссиясының дерегінше, сайлауға тұрғындардың 58 пайызы қатысқан. Ал әкім лауазымына 3 кандидат ұсынылған.

Нәтижесінде Қайрат Исабаев сайлаушылар дауысының 53,5 пайызын, Абзал Сағымбекұлы 35,3 пайызын, Ұлан Қызайбек 7,7 пайызын жинаған. Сондай-ақ, сайлаушылардың 1,6 пайызы бәріне қарсы дауыс берген.

Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қайрат Кәрімұлы 1968 жылы дүниеге келген, Қызылқайрат ауылының дәрігелік амбуляториясының меңгерушісі, әкім лауазымына өзін-өзі ұсынған. Ол Талғар қаласында тұрады.

Сондай-ақ, Исабаев Талғар аудандық орталық ауруханасында лауазымды қызметтер атқарған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық