Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тапа-тал түсте дүкен тонаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында орын алған.

Тапа-тал түсте дүкен тонаған ерлі-зайыптылар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала сөз байланысу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, дүкен сатушыларын қорқыту арқылы төлеместен оқиға орнынан із суытқан. Полицейлерге қоңырау шалғандықтан, тәртіп сақшылары шұғыл жетіп, қылмысқа қатысы бар адамдарды жылдам анықтады. – Азаматтық некеде тұрып жатқан екі азаматтың өзара келісуімен қылмыстың орын алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы күдікті аудандық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым. Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол дүкен сатушыларына бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып қорқытқаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат