USD
USD
USD

Талғар ауданында бала күтушісі 2 жасар сәбидің өліміне қатысты айыпталып жатыр

Алматы облысында бала күтушісінің қарауына қалдырылған екі жасар сәби қайтыс болды.

Талғар ауданында бала күтушісі 2 жасар сәбидің өліміне қатысты айыпталып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, 25 наурызда Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне әйел жүгініп, 30 жастағы бала күтушіге шара қолдануды сұраған. Айтуынша, бала күтушінің үйінде 2 жасар сәбиі көз жұмған.

«Ш. есімді азаматша 5-6 айдан бері ата-анасынан ақы алып, кішкентай балаға күтуші ретінде қарап жүрген.

Сол күні-ақ бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы, 2-бөлігінде (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгісі бойынша тіркелді.

26 наурызда қылмыстық құқықбұзушылықты 141-баптың 2-бөлігінен ҚР ҚК-нің 99-бабы, 3-бөлігіне (Адам өлтіру) ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Мақсат Әбіров.

6 сәуірде Талғар ауданы ПБ тергеушісі аудан прокуратурасына екі ай мерзімге «қамауда ұстау түріндегі» бұлтартпау шарасын бекіту туралы өтініш жолдады. Талғар ауданының прокуратурасы өтінішті қолдап, қарау үшін тергеу сотына жіберді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе