USD
USD
USD

Талғар аудандық ауруханасының директоры қызметтік тергеуге байланысты жұмысынан босатылды

A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалиді қызметінен босатты, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Талғар аудандық ауруханасының директоры қызметтік тергеуге байланысты жұмысынан босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның қызметтік тергеуге байланысты жұмысынан босатылғаны айтылған. 

«Баспасөз хабарламасы «A-Class Medical» сенімгерлік басқарушы компания медициналық директор Л.М.Мырзағали жүргізіліп жатқан қызметтік тергеуге байланысты қызметінен босатылғанын хабарлайды. Бұл шешім жергілікті интернет-басылымдардың ашық беттерінде ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Медициналық директорды орнынан алып тастаудағы мақсат – Талғар аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету.

Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған фактілер мен мән-жайға талдау жасайды. Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік принциптерінің сақталуына кепілдік береді. Талғар аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінен сабыр сақтап, тергеу аяқталмайынша БАҚ пен әлеуметтік желіде мәлімдеме жасамауды сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі