USD
USD
USD

Талғар мектептерінде буллинг 18%-ға төмендеді

Оқу-ағарту министрлігі  Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледждің 9 мыңға жуық білім алушысын қамтитын «Заң мен тәртіп» пилоттық жобасының аралық нәтижелерін жариялады.

мектеп
Фото: Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Жоба аясында құқық қорғау органдарында қызмет тәжірибесі бар тәлімгерлер екі аптада бір рет профилактикалық сабақтар өткізіп отырған. Нәтижесінде мамандардың ерекше назарын қажет ететін жасөспірімдер саны қысқарған: 7-8 сынып оқушылары арасында аталған топтағы балалары саны 30%-дан астам көрсеткішке азайған.

«Сонымен қатар психологиялық жағдайы тұрақты жасөспірімдердің саны артты. 7-8 сыныптарда тәуекел деңгейі төмен оқушылар үлесі 31,9%-ға өсті, осындай оң үрдіс 9-10 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында да байқалады.

Жалпы алғанда, білім алушылар өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарап, әрекеттерінің құқықтық салдарын тереңірек түсіне бастады», – делінген хабарламада.

Жобаның тиімділігін ескерген министрлік енді оны республика көлемінде енгізуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы