USD
USD
USD

Талғар ауданының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығы тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 

лай көшкіні
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 21-23 наурыз аралығында жауын-шашынның салдарынан топырақтың батпақтанып, сол маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соның салдарынан таудың баурайынан аумаққа топырақтың өздігінен екі жеке тұрғын үйге түскені жөнінде хабарлама келіп келді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

23 наурызда сағат 06.00-де Алтай көшесі бойындағы баурайдың жоғарғы бөлігінде орналасқан аулалық ғимараттары бар тұрғын үйдің құлау қаупі бар.

Деректер мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнында 18 адам және 6 бірлік ТЖД техникасы, "Қазселденқорғау", ШОБ жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Ғылым қорынан миллиондап қаржы жымқыру схемасы әшкереленді: күдікті қамауға алынды

ҚМА қызметкері

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі: полиция бір іс тоқтатылғанын хабарлады

Аян Дүйсеков

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала