USD
USD
USD

Талғар ауданында төтенше жағдай жарияланды

"Ашық НҚА" порталында Алматы облысы Талғар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімнің жобасы жарияланды. 

Талғар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. – Алматы облысы Талғар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, – делінген құжатта. 

Қоғамдық талқылаулар бүгін, 9 шілдеде аяқталды. Бұған қоса Талғар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан басшысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

– Мұндай шешім Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл шара Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерді сақтауды және ресми ақпарат көздерінде жарияланған ақпаратты қадағалауды сұраймыз, – делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов