Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Талғар ауданында Мемлекеттік рәміздер қоқыста жатыр (видео)

Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан қоқыс полигонында Мемлекеттік рәміздерді тастағандар іздестіріліп жатыр. 

Мемлекеттік рәміздер
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Мемлекеттік рәміздердің қоқыста жатқаны таспаланған видео тарады. Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бейнежазба Талғар ауданына қарасты Қайнар ауылдық округінің Еркін ауылының аумағында орналасқан қоқыста түсірілген.

«Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қоқыста тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында мемлекеттік рәміздермен бірге колледж құжаттары табылды. Рәміздер қоқыстан шығарылды. Жою жұмыстары мемлекеттік ту мен рәмізді ауыстыру және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі», – деді Талғар ауданының әкімдігі. 

Алматы облысының Полиция департаменті Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Талғарда «Хуторские» бандасының басшысы атанған Хасан Қасымбаевтың қамалғанын жазған едік. Полиция атышулы Хасан Қасымбаевтың не себепті ұсталғанын мәлімдеді

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант