USD
USD
USD

«Талғар ауданында атыс болды» – Полиция мәлімдеме жасады

Талғар тас жолының бойында орналасқан Тұздыбастау ауылында атыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Талғар
Фото: Видео-скрин

Алматы, NEGE. Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Тәртіп сақшылары ақпаратқа жауап беріп, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы дәмханалардың бірінің маңында атыс болды деген ақпарат тарағаны шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді.

Белгілі болғандай, мекеме қонақтары сөзге келіп қалып, жанжалға ұласқан. Оқиғаға сеніп тапсырылған аймақты патрульдеп жүрген полицейлер жедел түрде араласып, жағдайды реттеді.

Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар полицияға жеткізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Біз тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", — деді тәртіп сақшылары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қателер анықталған

Оқулықтар

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң