USD
USD
USD

Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы Талғар аудандық полиция басқармасы хабарлады. 

Айдар Әбдікерімұлы Омаров
Фото: Талғар аудандық полиция басқармасы

Алматы, NEGE. «ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Әбдікерімұлы Омаров тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қазан айында Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат бір топ бұзақының қолынан қаза тапты. Жасөспірімнің өлімінен кейін Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицейлер қызметінен босатылды.

Олардың орнына полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалды. Мейрам Әбікеев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды.

Сондай-ақ, Алматы облысы мен Талғар ауданы әкімдігінің бірқатар қызметкері мен прокурорлары қызметінен кеткен болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала