USD
USD
USD

Талдықорғанның үш азаматы жалған медициналық құжаттарды жасаумен айналысқан

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендерді анықтау және оларды кейіннен ұстау прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция барысында жүргізілді.

Талдықорғанның үш азаматы жалған медициналық құжаттарды жасаумен айналысқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұсталғандарға  медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін жалған медициналық сертификаттарды дайындау және сату,  клиникалық практикаға рұқсаттар, сондай-ақ біліктілік куәліктерін ұсыну бойынша айып тағылады.

Топтың құрамында бағдарламашы, бұрынғы құқық қорғау органының  қызметкері және жеке медициналық орталықтың медбикесі болған.

«Күдіктілерден ондаған ұялы телефон, көптеген банктік және флэш-карталар, компьютерлік техника, қатты дискілер, әр түрлі оқу орындары мен медициналық мекемелердің бірнеше адамдардың атына толтырылған 300-ге жуық біліктілік куәліктері табылды. Еліміздің түрлі өңірлерінен тапсырыстар түскен деп шамалап айта аламыз», - деді Жетісу облысы ПД  ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы