USD
USD
USD

Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған қойманы анықтады.

Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов. 

Қару-жарақ тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG