USD
USD
USD

Талдықорғандық жігіт өгей әкесін пышақтап тастады

Талдықорғанда психикалық ауытқушылығы бар жігіт өгей әкесіне пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғандық жігіт өгей әкесін пышақтап тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер өгей әкесін өлтіруге оқталған Талдықорғанның 25 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаны анықтау барысында күдіктінің мүгедектігі бар деп танылды, себебі ол психикалық бұзылулардан және эпилепсиямен ауырады.

Бір күн бұрын 33 жастағы ер адам қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды, оған дәрігерлер қол мен кеудеге бірнеше жерден пышақ жарақаты салынған деген диагноз қойды. Мән-жайды анықтау барысында жәбірленушіге жарақатты онымен бірге бір пәтерде тұратын өгей баласы салғаны анықталды.

– Анықталғандай, жас жігіт бір күн бұрын мас күйінде өгей әкесімен жанжалдасып, төбелескені белгілі болды. Ол таңертең ұйықтап жатқан өгей әкесіне асхана пышағымен шабуыл жасап, дене жарақатын салған. Бұрын үй иелері немесе көршілері шақырған патрульдік отрядтар көрсетілген мекенжайға қайта-қайта баратын. Алынған мәлімет бойынша жігіт психикалық ауытқушылықпен ауырады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі қалалық полицияның тергеу бөлімі жүргізіп жатыр, – деді Талдықорған қалалық ІІБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Ұсталғанның жағдайын ескере отырып, оны әзірге психоневрологиялық диспансерге орналастырылғаны көрсетілді. Іс бойынша соңғы процессуалдық шешімді тергеу аяқталғаннан кейін қабылдау жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі