USD
USD
USD

Талдықорғандық оқушылар газ бен түтін таралғанын хабарлайтын құрылғы әзірледі

Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары Ердос Есенталов пен Тимур Ким газ бен түтіннің барлық түрлерінің таралып кетуі туралы хабарламаның IoT-датчигін басқару жүйесін әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Талдықорғандық оқушылар газ бен түтін таралғанын хабарлайтын құрылғы әзірледі
Фото: NEGE.kz

​

Талдықорған, NEGE. «Біз газдың ағуы және өрттің пайда болуы туралы хабарлаудың It-датчигін басқаруға арналған жүйені әзірледік. Бұл жүйе ауадағы кез келген газ концентрациясының өзгеруіне жауап береді және газ концентрациясының жоғарылауы жағдайында сигналмен, сондай-ақ ұялы телефонға қауіп туралы хабарламамен жеткізеді. Қолданба көмегімен сонымен қатар бөлмедегі ылғалдылық пен температураны бақылауға болады. Біздің жұмысымыздың нәтижесін әр үйде қолдануға болады, сондай-ақ біздің сенсорды пайдалану оңай және қол жетімді бағада», – деп атап өтті әзірлеушілер.

Айта кету керек, жоба тақырыбын таңдауға және оны одан әрі іске асыруға ағымдағы жылы Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері №20 мамандандырылған лицейде өткізген "Улы газбен улану" профилактикалық дәрістерінің бірі әсер еткен.

Өз кезегінде, Жетісу облысы ТЖД басшылығы оқушылардың тапқырлығын жоғары бағалап, оларға алғыс хаттар табыс етті, сондай-ақ балаларға жобаны дамытуда табыс және жаңа жеңістер тіледі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық