USD
USD
USD

Талдықорғанда облыстық аурухананың меңгерушісі коронавирус пневмониясынан қайтыс болды

Анестезиолог-реаниматолог, Талдықорғандағы облыстық аурухананың меңгерушісі Сахариев Абай Мұхамедұлы коронавирус пневмониясынан қайтыс болды, деп хабарлайды Instagram желісіндегі Талдыкорганец парақшасы.

Талдықорғанда облыстық аурухананың меңгерушісі коронавирус пневмониясынан қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Абай Мұхамедұлы 2020 жылы эпидемия басталғаннан бері "қызыл аймақта" болды. Анестезиолог-реаниматологтардың ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық көмек көрсетуіне байланысты оларда вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін бәрі біледі.

Сондықтан Абай Мұхамедұлы қайтыс болған жоқ, ол шайқаста қаза тапты. Бұл пневмониямен асқынған коронавирустың ауыр түрі болды. Ол екі айға жуық уақыт Нұр-Сұлтанда жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған күйі жатты.

Еңбегі үшін облыстық клиникалық аурухана мен денсаулық сақтау министрлігінің атынан грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай