USD
USD
USD

Талдықорғандағы мұғалім мен оқушының жанжалы киім үлгісіне байланысты туған ба?

 Мұғалім мен оқушы арасында жанжал қыз баланың киім үлгісіне байланысты туған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Талдықорғандағы мұғалім мен оқушының жанжалы киім үлгісіне байланысты туған ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жанжал киім үлгісіне қатысты болған. Яғни, оқушының сыртқы келбеті ұстазына ұнамаған. Сол себепті, мұғалім ашуға булығып, оқушыға дөрекілік көрсеткен. Қыз бала да дөрекілікпен жауап қайтарған» делінген Алматы облысы білім басқармасының хабарламасында. Яғни, ұстазға өзі үлгілі санайтын оқушының киім үлгісі ұнамаған. Оқушы қыз мектепішілік есепке алынды. Онымен мектеп психологы жұмыс істейтін болады.

«Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі этика кеңесін өткізді. Оған оқушының анасы мен мұғалім де қатысты. Өткізілген кеңес пен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тараптар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрап, тарқасты. Мұғалім денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдады. Ал мектеп оқушысы мектепішілік есепке алынды. Онымен психолог жұмыс істейді. Ұжымда кәсіби педагогтар жұмыс істейді», – деп толықтырды ведомство. Естеріңізге сала кетейік, тараған видеодан кейін ұстаз өз еркімен жұмыстан кеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер