USD
USD
USD

Талдықорғандағы сарбаз өлімі: батальон командирінің орынбасары 4 жылға сотталды

Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу фактісі бойынша үкім оқылды.

Әскери адам, сарбаз
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Тергеу нұсқасына қарағанда, 2025 жылғы 23 қыркүйекте қарумен жұмыс істеу кезінде пулеметтен абайсызда оқ атылып, салдарынан қатардағы жауынгер Ә. Сейітқали қаза тапқан.

Сарбаздың өліміне батальон командирінің орынбасары кінәлі деп танылды.

«Тергеп-тексеру барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ бұдан бұрын өткізілген атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмағаны анықталды. Соның салдарынан ұңғыда қалып қойған оқ әскери қызметшінің қаза болуына әкеп соқты», – делінген Бас әскери прокуратура хабарламасында.

Әскери қызметші Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты