USD
USD
USD

Талдықорғанда жас отбасының балаларымен бірге мәйіті табылды

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті Талдықорғаннан 7 шақырым жердегі Еңбек ауылында бүтін бір отбасының төрт мүшесі көз жұмғанын мәлімдеді.

Талдықорғанда жас отбасының балаларымен бірге мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнынан 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары туған екі бала табылды. Марқұмдардың денелерін жергілікті тұрғындар тапқан. 

“2 ақпан күні полициядан Еңбек ауылынан төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, көз жұмған 4 адамның екеуі бала. Алдын ала болжам бойынша, бұл кісілер 2-3 күн бұрын қайтыс болған, — деді Алматы облысы ТЖД-нің ресми өкілі Азамат Жұртбаев

Отбасының өліміне не себеп болғаны зерттеліп жатыр. Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино