USD
USD
USD

Талдықорғанда жас әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерінен денесінде пышақ жарақаттарымен 42-жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Талдықорғанда жас әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларға жалға берілген, олар сол күні кешкі уақытта құрбысының қатысуымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.

«Аталған факті бойынша ер адамдың өліміне азаматтық некеде бірге тұратын 33-жастағы жас әйелдің қатысы бар екені белігілі болды. Әйел ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде оқиға орнынан табылған асхана пышағы, сондай-ақ қылмыстың куәгері болған ерлі-зайыптылардың қонағынан жауап алынды», - дейді Талдықорған қаласының полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік