USD
USD
USD

Талдықорғанда жарылыс болды

Талдықорғанда компания аумағында жеке тұрған ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылып, қабырға қирады, деп хабарлайды Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Талдықорғанда жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «22 қазанда 05:50-де Желтоқсан көшесінің бойында ЖШС аумағында, жеке тұрған ғимаратта (күзетші үйшігі) газ-ауа қоспасы жарылып, қабырға қираған және 50 шаршы метр аумақты қамтитын төбесі опырылған, 20 шаршы метрлік заттар жанған. Оқиға салдарынан 1982 жылғы күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (болжам бойынша 10-12%). Жағдайы бірқалыпты», - деді Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов