USD
USD
USD

Талдықорғанда үш жасар баланы ұрып өлтірген күтушіге үкім шықты

Талдықорған қалалық соты күтуші әйелдің үш жасар баланы өлтіруіне қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Талдықорғанда үш жасар баланы ұрып өлтірген күтушіге үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу аясында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны анықталған.

Істің мән-жайын ашу мүмкін болмағандықтан, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралған.

"Жеңілдететін мән-жайларды соның ішінде соттылығының жоқтығы, өкінетіні, ескере отырып, сот айыпталушыны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында үш жасар баланы өлімші етіп сабап, өлтірді деген күдікті қолға түскен болатын. Үш жасар сәби бір жасар інісімен бірге сол күтушінің үйінде тәулік бойы бақылауда болған. Сәби ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Дәрігерлер нәрестенің денесінен көптеген жарақаттарды тауып, ауыр бас-ми жарақаты деген диагноз қойды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе