USD
USD
USD

Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен

Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдады. Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салды. Жолаушылар бұған дөрекі жауап қайтарып, бұл кейіннен ер адамдардың жұдырықтасуына түрткі болды.

Содан көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттады. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді.

Қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық