USD
USD
USD

Талдықорғанда сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінде сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды Polisiа.kz.

Талдықорғанда сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдықорған қаласының тергеу изоляторында шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілімен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесу барысында сотталғандар назарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруға, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн ұсынуға жәрдем көрсету туралы толықтай түсінік берілді.

«Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – жазаны өтеуші сотталғандардың бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қоғамға тез бейімделуі және олардың жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу», – атап өтті мекеме бастығының орынбасары Есет Асылбеков.
 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық