USD
USD
USD

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Алматы облысының полицейлері синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан топты ұстады.

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан бір топ адамды ұстады.

«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу жүргізді. Оның барысында бес адамнан құралған топ анықталды. Олардың барлығы — Талдықорған қаласының 24-28 жас аралығындағы тұрғындары. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы интернет желісі, Телеграмм месенджері арқылы синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан. Олар есірткі заттарын жасырын орындар арқылы таратқан»,- деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

Күдіктілердің бірінің пәтерін санкцияланған тінту барысында ішінде қоңыр түсті өсімдік заты бар, сатуға дайындалған 250 орам алынды. Сонымен қатар, ақ түсті ұнтақ зат және жасыл түсті өсімдік заты бар екі полиэтилен пакет табылды. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы