USD
USD
USD

Талдықорғанда педофил 20 жылға сотталды

Талдықорғанда педофил 20 жылға сотталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда педофил 20 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 қаңтарда Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жас қызға озбырлық көрсетті деген күдікке ілінген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Тергеу амалдары 2022 жылғы тамызда жергілікті тұрғынның арызына сәйкес, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша басталды. Әйел күйеуін өзінің 11 жасар қызына сексуалдық зорлық жасады деп айыптады.

– Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйенің мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қоса тіркелді. Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды, – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов