USD
USD
USD

Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Күдіктіден ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі «α-пирролидиновалерофеноннің» 45 бумасы табылды.

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 21,19 грамм, бұл – аса ірі мөлшер деп есетелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе