USD
USD
USD

Талдықорғанда коронавирусты екі аптада 75 адам жұқтырды

 Алматы облысында COVID-19 жұқтырған тағы 23 адам тіркелді. Оның 10-ы Талдықорған қаласында анықталды.

Талдықорғанда коронавирусты екі аптада 75 адам жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Қапшағай қаласында – 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарында – бір-бір жағдайдан және Текелі қаласында 2 науқас тіркелді. 14 адам – коронавирус диагнозы қойылған науқастармен байланыста болғандар, 9-ының індеті профилактикалық тексеру барысында анықталды. Барлығы бұған дейін оқшауландырылған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда. 30 мамырдағы жағдай бойынша жалпы Алматы облысында инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген. Оның 180-і індеттен жазылып шықты. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында коронавируске шалдыққан алғашқы науқас 21 наурызда анықталды. Ол кезде Меккеден ұшып келген Қарасай ауданының 1986 жылғы тұрғыны денсаулығына шағымданып, дәрігерлерге хабар берген еді. Алынған сынама коронавируске оң нәтиже көрсеткен. Ал Талдықорғанда індет 14 мамырда тіркелді. Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте вирустан аман болған облыс орталығында қазір карантин жалғасып, санитарлық бекеттер жұмыстарын жалғастырды. 

Қазір оқып жатыр

Аша Матай Құрылтай депутаттығына кандидат болудан бас тартқаны рас па?

Аша Матай

TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды

жаза

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы