USD
USD
USD

Талдықорғанда Kizdar.net сайты арқылы қызмет ұсынғандар ұсталды

Өткен демалыс күндері 30-дан астам жеңіл жүрісті келіншек Талдықорған полициясына жеткізілді. Олар профилактикалық есепке қойылды, деп

Талдықорғанда Kizdar.net сайты арқылы қызмет ұсынғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

жазды Жетісу облысының ПД Instagram-парақшасында.

 Алматы, NEGE.  "STOP-трафик" шарасын пысықтау аясында ҰҚҚК қызметкерлері облыс орталығының бірнеше саунасы мен қонақүйін, сондай-ақ, басқа да жалға берілетін мекендерді тексерген.

Нәтижесінде 5 притон анықталып, олардың иелері ақылы секс-қызметтерге арналған пәтерлерді ұсынғаны үшін ҚР ӘҚБтК 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға ірі сомаларға айыппұл салынғаны да айтылады. Материалдар сот қарауына жіберілді.

Жыл басынан бері өңірде осындай 12 факт анықталды. Тұрғын үйлерді секс-притон түрінде одан әрі пайдалану үшін жалға беретін пәтер иелеріне 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

"Жұмыс кезінде ұсталған қыздардың жасы 18 мен 40 жас аралығында. Көбі қалаға облыстың шалғай аудандарынан, екеуі еліміздің басқа өңірлерінен оңай табыс табу үшін келді. Жеткізілгендердің арасында Kizdar.net сайты арқылы секс-қызмет көрсететін қыздар бар, оның қызметін тергеу органдары тексереді. Жоғары немесе арнайы білімнің болмауына байланысты тұрғылықты жұмыс орындары жоқ. Ұсталғандардың бірі бұл "кәсіпте" 10 жылдан астам уақыт болғанын айтты", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

 Еске салайық, бұған дейін Астана ПД өкілдері Kizdar.net сайты арқылы сексуалдық қызмет көрсеткен 43 қыз анықталғанын хабарлаған болатын. Оларға қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылып, 15-і есепке қойылған.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека