USD
USD
USD

Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры өз көлігінен өлі табылды

Талдықорғанда "ҚазАгроҚаржы" филиалының Алматы облысы бойынша экс-директоры өзінің жол талғамайтын көлігінен өлі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры өз көлігінен өлі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 13 желтоқсанда таңертең Көктем шағынауданында болған.

Полиция мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған.

"Ер адам атыс қаруын қолданып өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

"ҚазАгроҚаржы" марқұмның Алматы филиалының экс-директоры Ержан Устаев екенін растады.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ ұжымы Ержан Устаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ержан Устаев біздің компанияда 21 жылдан астам еңбек етіп, Жетісу өңірінің (Алматы облысы) ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосты. Біз Ержанды жанашыр, шыншыл адам ретінде білдік", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық