USD
USD
USD

Талдықорғанда қашықтықтан оқыту 21 қаңтарға дейін ұзартылды

Талдықорғанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектептер мен гимназияларда онлайн оқыту ағымдағы жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорғанда қашықтықтан оқыту 21 қаңтарға дейін ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы қаулысымен 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтындай дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі. Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 8 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Талдықорған қаласының мектептері мен гимназияларында онлайн оқыту тағы 10 күнге ұзартылды. Яғни Талдықорған қаласының кезекші және бітіруші (9,11,12) сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматта оқу 21 қаңтарда басталады«, - деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша, 1-5 сыныптарда кезекші сыныптарын ашу (15 балаға дейін) 402 мектепте ұйымдастырылған. Жалпы, оқу жылының басынан бері облыс оқушылары арасында COVID-19 зертханалық расталған 279 жағдай тіркелген, оның ішінде 20 - күндізгі, 259 - қашықтықтан оқитындар арасында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.