USD
USD
USD

Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қағып, мерт қылды

Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қақты. Бүлдіршіндер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қағып, мерт қылды
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. Бірінші жағдай Көктал шағынауданында болды. Көшеде ойнап жүрген үш жасар бала ассинизатор көлігі – Газ-53-тің, астында қалып қалған. Жүк көлігінің рулінде 43 жастағы ер адам болған.

Екінші жағдай Талдықорған – Үштөбе айналма жолында тіркелді. Қоғамдық көліктен түскен 8 жасар оқушы қызды жолдан өте берген кезде Газель қағып кеткен.

Екі жағдай бойынша іс қозғаған тәртіп сақшылары ата-аналарды өз балаларына сақ болуын ескертеді.

«Екі фактіге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі көлік те арнайы автотұраққа орналастырылды», - деді Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Әлия Жұмаділова.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе