USD
USD
USD

Талдықорғанда әскери қызметкерді өлтірген күдікті ұсталды

Ұсталған күдікті де - әскери қызметкер.

Талдықорғанда әскери қызметкерді өлтірген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға екі ай бұрын болған. Талдықорғандағы Қаратал шағынауданында әскери қызметкердің денесі табылған болатын. Оқиға орына келген жедел тергеу тобы азаматтың басына атылған оқтан қаза болғанын анықтаған еді. ҚР ҚК 99-бабы «кісі өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел топ әрекетке көшті. Іс облыстық полиция департаменті басшыларының қадағалауында болды. 

Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапаның айтуынша, күдікті қайтыс болған азаматпен бір әскери бөлімде қызмет еткен. Сондай-ақ Қаратал өзеніне лақтырып жіберген 16-шы калибрлі аңшылық шолақ мылтығы табылып, іске айғақ зат ретінде тіркелген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин