USD
USD
USD

Талдықорғанда жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген азамат 2 жыл 6 айға сотталды

Талдықорған қалалық соты терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ҚК-нің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Талдықорған қалалық соты таратқан мәліметке сүйенсек, жалған ақпар таратқан азамат бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол 2024 жылдың қараша айында № 71 түзету мекемесінде ұялы телефон арқылы 112- ге қоңырау шалып, Талдықорған қаласындағы автобекет пен орта мектептің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлайды.

Сонымен қатар 103-ке хабарласып, автовокзалға бірнеше жедел жәрдем бригадасын жіберу керектігін, 15 минуттан кейін ғимарат жарылатынын айтқан. Кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, ақпараттың оқу-жаттығу еместігін растаған.

— Құқық қорғау органдары орта мектеп пен автовокзал ғимаратынан адамдарды эвакуациялады. Тексеру барысында бұл ғимараттардан тыйым салынған немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталды. Сот үкімімен Ж. ҚК-нің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген Талдықорған қалалық сотының хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматы жүргізуші куәлігінен айыру туралы талап-арыздар саны бойынша көш бастады

жолдағы жылдамдық

Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?

дебат

1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі

ЛРТ

Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

қауіп