USD
USD
USD

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Талдықорған қаласында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен 62 жастағы әйел адам ұсталды.

есірткі заты
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Жедел-іздестіру шарасын Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Полицейлер тексеру кезінде күдіктіден жалпы салмағы 5 грамнан асатын гашиш сатып алған.

«Операция барысында Еркін ауылында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен Талдықорған қаласының 62 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет тәркіленді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар үй ауласындағы сарайдан скотчпен оралған үлкен қара пакет табылған. Оның ішінен 5 келіден асатын, ерекше иісі бар гашишке ұқсас есірткі заты шыққан.

Полицейлер қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдіктіге денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі