USD
USD
USD

Талдықорғанда үш жасар баласын аяусыз ұрып-соққан әке ұсталды

Желіде денесі соққыдан көгеріп қалған кішкентай қызды дәрігерлер қарап жатқан сәт түсірілген видео жарияланды.

баланы ұрып-соғу
Фото: instagram/taldykorganec_kolesa

Астана, NEGE. Видео авторларының мәлімдеуінше, бүлдіршін мен оның анасын әкесі аяусыз соққыға жыққан.

«Талдықорғанда әкесі кішкентай баласы мен әйелін аяусыз ұрып-соққан. Қазір екеуі де облыстық ауруханада жатыр», – делінген жазбада.

Полицейлер бұл жайт бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталған сәтте масаң күйде болған.

«2 ақпан күні сағат 21:00-де "102" арнасына медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Чарапиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта анасымен бірге ауруханада жатқан балаға  қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын Полиция департаменті басшылығы жеке бақылауына алды.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама