USD
USD
USD

Талдықорғанда полицей суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Талдықорған қаласында полицей суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Патрульдік полицияның рота инспекторы Санат Серікқалиұлы ерлік көрсетіп, Қаратал өзеніне батып бара жатқан баланы аман-есен құтқарып алды.

6 маусымда сағат 15:43 шамасында Санат Серікқалиұлы «Қызыл тас» саяжай қоғамдастығында демалыста жүргенде, көмек сұрап айқайлаған балалардың дауысын естіген. Балалар өзенге қарай нұсқаған, инспектор ойланбастан көмекке ұмтылған. Өзенге жүгіріп барып, бір баланың суға батып бара жатқанын көрген. Судан құтқарылған 11 жастағы жасөспірім демала алмай, көгеріп жатқан. Осы тұста тәртіп сақшысы жылдам әрі батыл әрекет етті. Ол баланы судан шығарып алып, бірден алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.

Тікелей жүрек массажы мен жасанды тыныс беру арқылы инспектор баланың дем алысын қалпына келтірді. Осыдан кейін ол дереу жедел жәрдем шақырған. Бала ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер полиция қызметкерінің дер кезінде, уақтылы көрсеткен кәсіби әрекеті баланың өмірін сақтап қалғанын растады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС