Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды
Талдықорғанда қоғамдық қорлардың бірі тиісті лицензиясыз діни білім берген.
Астана, NEGE. Прокуратураның мәліметінше, қоғамдық қор діни білім беруге қажетті лицензия алмай жұмыс істеген. Бұдан бөлек, қордың ғимаратында тұрып жатқан сегіз адамның тұрғылықты немесе уақытша мекенжайы бойынша тіркелмегені белгілі болды.
Аталған азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Прокуратура қоғамдық қорды лицензиясынан айыруды талап етіп, сотқа жүгінген. Сот прокурордың талабын толық қанағаттандырды. Қор өкілі де қойылған талаптарды мойындаған.
Алайда сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.