2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Талдықорғанда дәрігер мас халде науқастарды қабылдаған

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар хирургының ауруханада мас күйде науқастарды қабылдап жатқан сәті түсірілген видео жөнінде түсінік берді.

Тадықорған
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында түсірілген видео тарады. Жазбадағы ақпарат бойынша, видео кеше түнде сағат 22:00-22:30 шамасында түсірілген.

«Мен ашуланып, ұлыма басқа хирург сұрамайынша, қызметкерлер мен ата-аналар үнсіз осы маманның аузына қарап отырды», – дейді видеоны түсіріп алған әйел.

Сондай-ақ ол дәрігер оның «Массыз ба?» деген сұрағына жауап бермегенін айтты.

Айта кету керек, кейбір оқырмандар хирургты жақтап пікір білдірген.«Ол инсульт алған. Соған байланысты тілі мен жүріс-тұрысында бұзылыс бар, "Жай ғана шаршаған"; "Мүмкін ол күні бойы жұмыс істеп, ұйықтап қалып, оны кенет оятқан болар», – деп жазды желі қолданушылар.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа түсінік берді.

«Талдықорған қаласының көпсалалы облыстық балалар ауруханасы бұл оқиға 30 мамырда кешкі уақытта болғанын хабарлайды, қызметкердің мас күйде болғаны анықталып, ол Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес бірден жұмыстан шеттетіліп, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы