USD
USD
USD

Талдықорған қаласының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады

43 жастағы ер адам басқарған BMW автокөлігінде полицейлер заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, салмағы 9 келіден асатын, бекіре тұқымдасты балық болып шықты.  

Талдықорған қаласының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE,Браконьерлік жолмен ауланған балықты тиеп алған автокөлік Талдықорған-Үштөбе тас жолының 40 шақырымында ұсталды. 

- Сараптама тәркіленген  бекіре тұқымдас пілмай балық екенін растады. Болжам бойынша, Қаратал өзенінің төменгі ағысында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты