USD
USD
USD

Талдықорған қаласының тұрғыны сайлау учаскесіне түйемен келді

Талдықорған қаласының тұрғыны сайлау учаскесіне түйемен келіп, дауыс берді.

Талдықорған қаласының тұрғыны сайлау учаскесіне түйемен келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, түйеге мініп, дауыс беруге келгендер арасында 35 жастағы Ұлан Байзақов та бар. Ол соңғы 15 жылда түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша, бұл жануарды асырау оңай емес, дегенмен қос өркешті қастерлі малдың иесі болу бір ғанибет.

«Аптаның демалыс күндері түйемді орталық саябақтарға алып шығамын. Үстіне мінгеніне қуанған балаларды көрудің өзі бақыт. Осындай қызмет көрсетуден тапқан қаражатты түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі сайлауға ертелетіп келіп, дауыс бердім. Себебі күні бойы түйе бағымына қатысты атқаратын шаруам көп», - дейді Ұ.Байзақов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе