USD
USD
USD

Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын ұрлағандар ұсталды

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкері, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкері ұсталып, УҰИ-ге қамалды.

Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын ұрлағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдіктелуде.

Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды.

Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон