USD
USD
USD

Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі Қаратал өзенінен табылды

Қаратал өзенінің маңында Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды. Ақпаратты Жетісу облыстық Полиция департаменті растады.

Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі Қаратал өзенінен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қаратал өзенінің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Өлім фактісі қалалық ішкі істер органдарында тиісті тексеруді ұйымдастырумен ресми тіркелді. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Ол 2016 жылдан 2022 жылға дейін қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Кейін оның лауазымына Жандос Жолдыханов келді. Орнына келген Жандос Жолдыханов 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп, қамауда отыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG