USD
USD
USD

Талдықорған әкімдігінде қызметкерлер эвакуацияланды (видео)

28 қыркүйекте әлеуметтік желіде Талдықорған қаласы әкімдігінің ғимаратынан адамдар эвакуацияланған видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорған әкімдігінде қызметкерлер эвакуацияланды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қабанбай батыр, 26 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында түтін байқалды, соның салдарынан адамдар эвакуацияланды.

– Оған себеп – жертөледегі сыпырғыштың өртенуі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер өртті тоқтатты, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жертөледе түтін шыққаны туралы хабарлама 28 қыркүйек 09:10 түсті.

– 16 қызметкер мен төрт бірлік ТЖД техникасы дереу шақырту орнына аттанды. Жертөледе орналасқан техникалық қызметкерлерге арналған қосалқы бөлмеде түтін шығаратын сыпырғыш болғаны анықталды. Келгенге дейін түтін тазартылды, - деп хабарлады Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев