USD
USD
USD

Талдықорғанда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Жетісу облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің және ҚР ҚАЖК-нің үйлестіруімен мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ұсталған шетелдік Қылмыстық кодекске сәйкес иемдену немесе жымқыру арқылы ұрлық жасады деген айыппен өз елінде іздеуде жүрген 20 жастағы ер адам екені анықталды. Соттан жалтарған азамат 2023 жылдың 29 желтоқсанында Ташкент облысының бас ішкі істер басқармасы іздеуге жариялаған.

Ол іздеу жарияланғанын білген соң Өзбекстаннан кетіп, Қазақстанға келген, Шымкент қаласында жасырынып, наубайшы болып жұмысқа орналасуға шешім қабылдаған. Алайда көп ұзамай, осы жылы ол Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан.

Жедел деректер бойынша іздеуде жүрген адам Талдықорғанда ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны Өзбекстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралуда, онда ол сот алдында жауап береді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов

Шымкентте полицейлер экс-чемпион Әділ Тілектестің қазасына қатысты деректі тексеріп жатыр

Әділ Тілектес