USD
USD
USD

Талдықорған қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары сотталды

2024 жылдың 23 шілдесінде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды.

Сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысқаны үшін сотталды. Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурызы аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты.

– ҰҚТ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады, – делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін жасырғаны үшін Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы М. Ботабеков және Білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыханов сотталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері