Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Талдыкөлде балық қырылып жатыр

Қазгидрометтің Қызылорда облыстық филиалы Талдыкөл су айдынында балықтардың қырылуына байланысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді

Талдыкөлде балық қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Себебі бұған дейін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы көлдегі балықтардың жаппай өліп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Су сапасының сараптамасы 30 физикалық, химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілді. Мекеме өкілінің айтуынша, балықтың қырылуына оттегінің жетіспеушілігі себеп болған. Зерттеу нәтижесі анықтағандай, сәйкес судағы оттегі концентрациясының көлемі айтарлықтай төмендеп кеткен. «7 қаңтар күні инспекциядан хабарлама хат келді, біз арнайы бекітілген комиссия құрамына кіреміз. Біздің қызметкерлеріміз барып сол жерден анализ жасалды. Бұл жерде балықтардың қырылу себептері кислород жетіспеуінен болды, басқа көрсеткіштері жоқ. Квартал сайын біздің лабораториямыз жоспарлы түрде Жаңақорған, Арал аралығын аралап, анализдер жасап тұрады. Кешегі Талдыкөлге барғанымыз біздің жоспарда жоқ болатын, дегенмен тексерістер жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтап, кқмиссия өкілдеріне көмегімізді көрсеттік, - дейді «Қазгидромет» РМК облыс бойынша филиалының директоры Жұлдыз Қалымбетова. Тағы бір дерек, Қазгидрометтің өткен жылы жүргізген зерттеулеріне сәйкес қала мен облыс атмосферасының ластану деңгейі төмен көрсеткішке ие болыпты. Биыл енді Арал, Әйтеке би, Шиелі аудандарында ауаның тазалығын анықтайтын шағын автоматтар орнатылмақ.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық