USD
USD
USD

Таласбек Әсемқұловтың шығармалары жарық көрді

Жазушы, күйші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағы толықтырылып, жарыққа шықты, деп хабарлады «Хабар 24».

Таласбек Әсемқұловтың шығармалары жарық көрді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жолы оқырман жинақтың VI, VII, VIII томын қолға алды. Алғашқы 5 томдық осыдан 7 жыл бұрын басылған еді. Таласбек Баймұхамедұлы санқырлы жан еді. Ол – әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі. Көзі тірісінде басылып шыққан «Талтүс» романы оқырманның ерекше ықыласына бөленді. Оның сценарийімен түсірілген «Біржан сал» мен «Құнанбай» фильмдері қазақ киносындағы сүбелі еңбек. Сондай-ақ ол – Байжігіт, Тәттімбет сияқты күйшілердің жолын қуған шертпе күй мектебінің өкілі. Өзі де күй шығарған.

 Айта кетейік, 4 жылдан бері «Таласбек» сыйлығы жарияланып, ең үздік әдебиетшілерге жүлде тапсырылып келеді. Биылғы байқаудың қорытындысы 23 қыркүйекте анықталады. Оған қоса күйшілердің республикалық сайысы өтеді.    

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент