USD
USD
USD

Талапкерлер техникалық ақауларға байланысты білім грантына өтініш бере алмай жатыр

Бүгін Электронды үкімет порталында білім беру гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды. Бірақ қызметті алу барысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапында техникалық ақаулар байқалып жатыр.

Талапкерлер техникалық ақауларға байланысты білім грантына өтініш бере алмай жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Азаматтарға арналған үкімет" неге білім грантына өтініш берер кезде техникалық ақаулар болып жатқанын түсіндірді.

"Бұл қызметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ, "Ұлттық тестілеу орталығы" АҚ, "ҰАТ" АҚ бірлесіп іске асырды және осы қызметті алу үшін барлық мәлімет ҰББД АЖ және ҰТО дерекқорынан тартылады. Қазіргі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері аталмыш қызметтің толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өтінім беру үшін қажет техникалық жұмысты жүргізіп жатыр. Сонымен қатар биыл қызметті барынша үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында көпарналы түрде (ЖОО-ның қабылдау комиссиялары және онлайн қабылдау ЖОО-лары арқылы қосымша) көрсетілетінін атап өтеміз", - делінген Электронды үкімет порталының хабарламасында. 

"Біз қызметке қажетті мемлекеттік органның деректерін ғана қолданамыз, бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерекқорынан алынады. Портал әуелі талапкердің қандай мамандықты таңдай алатынын, ҰБТ нәтижелері және т.б. ақпаратты алады. Егер осы мәліметтерді алу дұрыс жұмыс істемесе, талапкер қызметті пайдалана алмайды", - деп түсіндірілген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды

Азамат Балтагерей

Алматы облысында 19 адам сушиден уланған: дәмхана жұмысы уақытша тоқтатылды

түркістан

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Сот Семейдегі матчтан кейін бес тәулікке қамалған төрешіге қатысты істің мән-жайын түсіндірді

Арман Исмұратов