USD
USD
USD

Талайды сан соқтырған алаяқтың әрекеті әшкереленді

Алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Талғар ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талайды сан соқтырған алаяқтың әрекеті әшкереленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдіктінің жалпы сомасы жеті миллионға жуық материалдық шығын келтіргені анықталды. – Талғар ауданының тәртіп сақшыларына бірнеше тұрғын арызданып, жақын таныс емес азаматтың әрекеттерінен ірі көлемде зардап шеккендерін жеткізген. Тергеу барысында алаяқ өз құрбандарына нарықтық бағадан төмен бағада жер телімдерін алып берем деп, қолдарында бар қомақты қаржыны алып, сан соқтырып кеткен, – деп жеткізді Талғар қалалық ПБ бастығы Ерлан Қасым. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті былтырғы жылдың соңында өзінде жоқ жерлерді алып берем деген желеумен бір тұрғыннан 2,7 миллион, екінші азаматтан 1,2 миллион, ал үшінші құрбанынан 3 миллион теңгеге бағалап “Toyota” маркалы автокөлігін алып кеткен. – Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алаяқтық жасады деген күдікпен Талғар ауданының бұған дейін сотталмаған 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Күдікті сот шешімімен мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды, – деді Ерлан Қасым.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев